Articles

Том 1 № 32 (2026) / 2026-09-30 / Көрілім саны: 78

ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ МАРКЕТИНГТІҢ РӨЛІ

Авторлар

Кілтті сөздер

туризм, цифрлық маркетинг, туристік орталық, цифрлық маркетингтік белсенділік, туристік бәсекеге қабілеттілік, әлеуметтік желілер, цифрлық контент, онлайн сервистер, цифрлық орта, салыстырмалы бағалау

DOI сілтемесі:

Қалай дәйексөз келтіруге болады

ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ МАРКЕТИНГТІҢ РӨЛІ. (2026). Экономика, бизнес және қызмет көрсету саласы, 1(32). https://doi.org/10.58805/ebs.V.1(32)-35

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты Қазақстанның жекелеген туристік орталықтарының цифрлық маркетингтік белсенділігін бағалау және олардың цифрлық ортадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттарын айқындау болып табылады. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерге шолу, контент-талдау және салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Туристік орталықтардың цифрлық маркетингтік белсенділігін бағалау үшін әлеуметтік желілердегі көріну, цифрлық контенттің қолжетімділігі, веб-кеңістіктегі ұсынылуы, онлайн сервистердің даму деңгейі және аудиториямен цифрлық өзара әрекеттесу көрсеткіштерінен тұратын авторлық бағалау жүйесі әзірленді. Ұсынылған әдістеме негізінде Түркістан, Бурабай, Алматы тау кластері, Көлсай көлдері және Шарын шатқалына салыстырмалы бағалау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері аталған туристік орталықтардың цифрлық маркетингтік белсенділігі әркелкі екенін көрсетті. Алматы тау кластері, Түркістан және Бурабай жоғары көрсеткіштерге ие болса, Көлсай көлдері мен Шарын шатқалында веб-кеңістіктегі ұсынылуы, онлайн сервистердің дамуы және аудиториямен цифрлық өзара әрекеттесуді жетілдіру қажеттілігі анықталды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы туристік орталықтардың цифрлық маркетингтік белсенділігін бағалауға арналған көрсеткіштер жүйесін негіздеумен және олардың негізінде салыстырмалы бағалау тәсілін ұсынумен сипатталады. Зерттеу нәтижелері туристік орталықтардың цифрлық маркетинг стратегияларын жетілдіруде қолданылуы мүмкін.