Articles

Том 1 № 32 (2026) / 2026-09-30 / Көрілім саны: 49

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ МЕН ЦИФРЛАНДЫРУ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ӨҢІРАРАЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

Кілтті сөздер

ауылдық аумақтар, әлеуметтік-экономикалық даму, цифрлық трансформация, өңіраралық айырмашылықтар; цифрлық технологиялар

DOI сілтемесі:

Қалай дәйексөз келтіруге болады

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ МЕН ЦИФРЛАНДЫРУ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ӨҢІРАРАЛЫҚ ТАЛДАУ. (2026). Экономика, бизнес және қызмет көрсету саласы, 1(32). https://doi.org/10.58805/ebs.V.1(32)-34

Аңдатпа

Мақалада Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары мысалында Қазақстанның ауылдық аумақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен цифрландырылуына салыстырмалы талдау жүргізілген. Зерттеуге аудандық маңызы бар қалалары жоқ және қоныстану құрылымында ауылдық сипат басым ауылдық аудандар енгізілді. Цифрландыру деңгейін бағалау үшін ұйымдардың Интернет желісіне қолжетімділігі, бұлттық есептеулерді пайдалану деңгейі, АКТ мамандарының саны және ішкі бизнес-процестерді автоматтандыру көрсеткіштері қолданылды. Талдау цифрландырудың абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылды.
Зерттеу нәтижелері Қазақстанның ауылдық аумақтарының цифрлық дамуында айқын өңіраралық айырмашылықтардың бар екенін көрсетті. Ауыл халқының саны, ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі және ұйымдар саны бойынша өңірдің көшбасшылығы цифрлық технологияларды пайдалану қарқындылығының жоғары деңгейімен әрдайым сәйкес келе бермейтіні анықталды. Түркістан облысы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің басым бөлігі бойынша жетекші орын алғанымен, цифрландырудың ең жоғары салыстырмалы көрсеткіштері Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Алынған нәтижелер ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық даму ауқымы мен цифрландыру қарқындылығы арасында тікелей тәуелділік жоқ екенін көрсетеді. Зерттеудің практикалық маңызы оның нәтижелерін Қазақстанның ауылдық аумақтарын цифрлық дамыту жөніндегі өңірлік саясатты әзірлеуде пайдалану мүмкіндігімен айқындалады.