Articles

Том 1 № 32 (2026) / 2026-09-30 / Көрілім саны: 87

БЕЛГІСІЗДІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ТАЛДАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ

Авторлар

Кілтті сөздер

инвестициялық жоба, белгісіздік, тәуекел, инвестиция тиімділігі, инвестициялық талдау, көмескі жиындар теориясы, ESG факторлары, инвестицияларды қаржыландыру

DOI сілтемесі:

Қалай дәйексөз келтіруге болады

БЕЛГІСІЗДІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ТАЛДАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ. (2026). Экономика, бизнес және қызмет көрсету саласы, 1(32). https://doi.org/10.58805/ebs.V.1(32)-3

Аңдатпа

Мақалада белгісіздік пен тәуекел жағдайындағы инвестициялық жобаларды талдау және бағалаудың теориялық әрі практикалық аспектілері қарастырылады. COVID-тен кейінгі экономикалық трансформация жағдайында, жаһандық бәсекелестіктің күшеюі мен Қазақстан Республикасындағы отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігі аясында тиімді инвестициялық шешімдерді таңдаудың әдіснамалық тәсілдерін жетілдірудің өзектілігі негізделген.

Инвестициялық жобаларды бағалаудың заманауи әдістері, сезімталдықты талдау, тәуекелдерді бағалау тәсілдері, сондай-ақ көмескі жиындар теориясы мен нақты опциондар теориясының құралдары зерттелген. Құрылыс саласы мен қонақүй-туристік инфрақұрылым секторындағы инвестициялық тәуекелдерді басқару мәселелеріне ерекше назар аударылған. Сонымен қатар, инвестициялық стратегияны қалыптастыру барысында ESG факторлары мен заманауи портфельдік инвестициялау тұжырымдамаларын қолдану ерекшеліктері айқындалған.

Зерттеу нәтижесінде тиімді инвестициялық жобаларды іріктеудің негізгі критерийлері анықталып, инвестициялық бюджетті оңтайландыруға, белгісіздік деңгейін төмендетуге және инвестициялық шешімдердің тұрақтылығын арттыруға бағытталған тәсілдер ұсынылған. Қазақстанда икемді қаржылық құралдарды енгізу және инвестицияларды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру қажеттілігі туралы қорытынды жасалған.