Articles

Том 1 № 32 (2026) / 2026-09-30 / Көрілім саны: 76

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ МЕН ҚАРЫЗДЫҚ ЖҮКТЕМЕСІ: ЭМПИРИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

Кілтті сөздер

қарыздық жүктеме, несиелік мінез-құлық, қаржылық стресс, мінез-құлық экономикасы

DOI сілтемесі:

Қалай дәйексөз келтіруге болады

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ МЕН ҚАРЫЗДЫҚ ЖҮКТЕМЕСІ: ЭМПИРИКАЛЫҚ ТАЛДАУ. (2026). Экономика, бизнес және қызмет көрсету саласы, 1(32). https://doi.org/10.58805/ebs.V.1(32)-20

Аңдатпа

Аталған мақалада Қазақстандағы несиелеуге қатысты мінез-құлықтық ұстанымдар мен үй шаруашылықтарының қарыздық жүктемесі арасындағы өзара байланыс эмпирикалық тұрғыдан тексеріледі. Зерттеуде несиелеуге оң көзқарас және несиелеу кезіндегі қаржылық стресс секілді екі латентті индексті құрайтын психометрикалық құралдар қолданылды.  Тақырыптық өзектілігі Қазақстандағы тұтыну және цифрлық несиелендірудің өсуімен негізделеді. Зерттеудің мақсаты болып сандық әдістерді қолдана отырып мінез-құлықтық ұстанымдардың несиелік мінез-құлыққа және қарыздық жүктемеге әсерін бағалау табылады. Эмпирикалық база ретінде авторлармен 145 респонденттер арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама негіз болды. Нәтижелер бастапқы гипотезадан әлдеқайда алшақ болып шықты: жұптық корреляция несиелеуге оң көзқарас индексі несиенің болуымен аз болса да, маңызды байланыс көрсетті. Ал қарыздық стресс индексі несиелік мінез-құлықпен теріс байланыста болды. Сонымен қатар барлық модельдерде қарыздық жүктеменің тұрақты болжаушысы болып мінез-құлықтық индекс емес, респонденттің жасы шықты.