Articles

Том 1 № 32 (2026) / 2026-09-30 / Көрілім саны: 131

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ: ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Авторлар

Кілтті сөздер

университеттердің бәсекеге қабілеттілігі, білім беру экономикасы, адами капитал, жоғары білімді қаржыландыру, цифрландыру, академиялық автономия, Қазақстан

DOI сілтемесі:

Қалай дәйексөз келтіруге болады

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ: ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ. (2026). Экономика, бизнес және қызмет көрсету саласы, 1(32). https://doi.org/10.58805/ebs.V.1(32)-15

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (ЖЖОКБҰ) бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін экономикалық факторлардың эмпирикалық талдауының нәтижелері берілген. Зерттеудің эмпирикалық негізін әртүрлі аймақтардағы және меншік түріндегі ЖЖОКБҰ-ның 1744 студенті мен  профессорлық-оқытушылық құрамының (ПОҚ) 192 өкілдері арасында жүргізілген сауалнама құрайды. Жұмыс төрт зерттеу мәселесі төңірегінде құрастырылды: ресурстардың қолжетімділігі мен білім беру сапасын бағалау арасындағы байланыс, зерттеуді қаржыландыру тетіктерінің тиімділігі, жарияланған және нақты академиялық автономия арасындағы байланыс және ЖЖОКБҰ-ның  жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің негізгі экономикалық кедергілері.
Зерттеу нәтижесінде еліміз  бойынша білім сапасын бағалаудың орташа көрсеткіші                  5-тен 4,29 баллды (студенттер) мен 3,92 баллды (ПОҚ) құрады. Бұл ретте профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ) өкілдері студенттермен салыстырғанда ресурстардың қолжетімділігін неғұрлым сыни бағалайды. Бұл ЖЖОКБҰ-ның ресурстық қамтамасыз етілуінде белгілі бір шектеулер бар екенін көрсетуі мүмкін.
Сонымен қатар, материалдық-техникалық база жалпы оң бағаланады, бірақ ЖЖОКБҰ арасында айырмашылықтар бар. Цифрландыру негізінен білім беру үдерісінде жақсы жолға қойылған. Ал ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тұрақты ғылыми даму үшін әлі де жеткіліксіз. Зерттеу нәтижелері негізінде ЖЖОКБҰ-ды бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыландырудың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірленді.