Articles

Том 1 № 32 (2026) / 2026-09-30 / Көрілім саны: 125

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЛЫҚ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ТАБЫС ТЕҢСІЗДІГІНЕ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚАЙТА БӨЛУ МЕХАНИЗМДЕРІ

Авторлар

Кілтті сөздер

салық реформасы, табыс теңсіздігі, Джини коэффициенті, прогрессивті салық, ҚҚС, қайта бөлу

DOI сілтемесі:

Қалай дәйексөз келтіруге болады

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЛЫҚ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ТАБЫС ТЕҢСІЗДІГІНЕ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚАЙТА БӨЛУ МЕХАНИЗМДЕРІ. (2026). Экономика, бизнес және қызмет көрсету саласы, 1(32). https://doi.org/10.58805/ebs.V.1(32)-13

Аңдатпа

Бұл зерттеу Қазақстан Республикасының салық жүйесінің түбегейлі трансформациясын бағалауға арналған, атап айтқанда – 2026 жылы енгізілуі басталған пропорционалды («жалпақ») модельден жеке табыс салығының (ЖТС) прогрессивті шкаласына көшу. Зерттеудің мақсаты – сараланған мөлшерлемелер мен «сән-салтанат салығын» енгізу табыстардың шоғырлануын төмендетеді деген гипотезаны тексеру. Мақалада бекітілген әсерлер панельдік регрессия әдістері (2014–2024 жылдар аралығындағы 20 өңірдің деректері негізінде) және индекстік декомпозиция (Рейнольдс–Смоленский және Каквани индекстері) қолданылған. Модельдеу нәтижелері прогрессивті салық түсімдері мен Джини коэффициенті арасындағы тұрақты теріс корреляцияның (r = -0.78) бар екенін растады. Салық жүйесінің қайта бөлу әлеуеті (MT индексі) 5,2 есе артатыны анықталды. Алайда «фискалдық бейтараптық» қаупі де айқындалды: жеке табыс салығының прогрессивті әсері (K = +0.067) қосылған құн салығының (ҚҚС) 16%-ға дейін өсуінен туындайтын регрессивті әсермен (K = -0.058) едәуір әлсіреуі мүмкін. Қорытындылай келе, салық базасының эрозиясын болдырмау үшін ҚҚС бойынша сараланған мөлшерлемелерді енгізу және жеке кәсіпкерлер мен жалдамалы қызметкерлер үшін салық режимдерін үйлестіру қажеттілігі негізделді.