Articles

Том 1 № 32 (2026) / 2026-09-30 / Көрілім саны: 116

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЦИРКУЛЯРЛЫҚ МОДЕЛІН ДАМЫТУДАҒЫ РЕМАНУФАКТУРИНГТІҢ ӘЛЕУЕТІ

Авторлар

Кілтті сөздер

ремануфактуралау, қалдықсыз ауыл шаруашылығы, циркулярлы экономика, қалдықтарды қайта өңдеу

DOI сілтемесі:

Қалай дәйексөз келтіруге болады

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЦИРКУЛЯРЛЫҚ МОДЕЛІН ДАМЫТУДАҒЫ РЕМАНУФАКТУРИНГТІҢ ӘЛЕУЕТІ. (2026). Экономика, бизнес және қызмет көрсету саласы, 1(32). https://doi.org/10.58805/ebs.V.1(32)-11

Аңдатпа

 

Мақалада Солтүстік Қазақстан өңірінің агроөнеркәсіп кешені мәліметтері негізінде қалдықсыз ауыл шаруашылығын (Zero Waste Agriculture) қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі ретінде ремануфактурингтің әлеуеті қарастырылады. Зерттеудің өзектілігіауыл шаруашылығы қалдықтары көлемінің артуымен, экологиялық талаптардың күшеюімен және ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға бағытталған тұрақты агроөндірістік модельдерге көшу қажеттілігімен байланысты. Зерттеудің ғылыми мәселесі өндірістік циклдардың жеткілікті деңгейде жабық болмауында және сабан, көң, өсімдік қалдықтары мен биологиялық қалдықтар сияқты ауыл шаруашылығы өндірісінің жанама өнімдерінің қайта пайдалану және қайта өңдеу процестеріне тартылу деңгейінің төмендігінде көрініс табады. Аталған процестерді өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеумен байланысты бірыңғай өндірістік цикл ретінде қарастыру орынды. Зерттеу әдістері ретінде ұлттық және халықаралық тәжірибелерді жүйелік және салыстырмалы талдау, қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жарату бағдарламаларын талдау, сондай-ақ өңірдің агроөнеркәсіптік секторы бойынша статистикалық және талдамалық деректерді жинақтау қолданылды. Зерттеу нәтижесінде органикалық қалдықтарды тыңайтқыштарға айналдыру, жанама биомассаны энергия өндіруде пайдалану, орау және өндірістік материалдарды қайта қолдану, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құралдары мен жабдықтарын ремануфактурингтеу арқылы олардың қызмет ету мерзімін ұзарту сияқты қалдықтарды азайтудың тиімді стратегиялары анықталды. Бұл тәсілдерді енгізу экологиялық тәуекелдерді төмендетуге және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіні анықталды. Жұмыстың практикалық маңыздылығы алынған нәтижелерді ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын басқарудың инновациялық модельдерін әзірлеуде, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруда және экологиялық бағытталған инвестицияларды ынталандыруда қолдану мүмкіндігімен айқындалады.